АТА-АНАҒА КЕҢЕС

АТА-АНАҒА КЕҢЕС

  • Ата – аналарға психологиялық ұсыныс-кеңестер.
  • Баланың қойған сұрағына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
  • Балаңыздың жеке бөлмесі немесе бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
  • Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық
  • іс — әрекетпен айналысып отырса.
  • Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсетіңіз.
  • Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
  • Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
  • Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының
  • ой-пікірімен санасыңыз.
  • Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
  • Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
  • Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
  • Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуде балаңызға көмек көрсетіңіз.
  • Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
  • Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
  • Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
  • Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
  • Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
  • Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
  • Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
  • Балаңыздың өткір ойлылығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай оятуға болады?

  • Бала сіздің өзіңіздің қалай сүйсіне кітап оқитыныңызды көруі керек. Қалай кітаптардан мысал келтіре сөйлейтініңізді, қалай кітап оқып күлетініңізді көрсін. Оқыған қызықты дүниеңізбен бөлісіңіз.
  •  Бір-біріңізде кезектесіп әңгімелер, қызықты оқиғалар оқыңыздар. Теледидар көрудің орнына уақытты кітап оқумен өткізіңіз.
  • Оқуды қалай бағалайтыныңызды көрсетіңіз: кітаптар сатып алыңыз, кітап сыйға тартыңыз.
  • Бала кітап, журналдарды өзі таңдайтын болсын.
  • Баланың өзі оқыған кітаптары туралы пікірін сұрап отырыңыз.
  • Баланың мерзімді баспасөзден жұлдызнама, әзіл-сықақ болсын көп оқуына көңіл бөліңіз.
  • Көрнекі жерге баланың кітап оқуда жеткен жетістіктерінің тізімін іліп қойыңыз. (Қандай уақытта қанша кітап оқығаны туралы).
  • Үйде балалар кітапханасы болу керек.
  • Баламен бірге сөзжұмбақ шешіңіз.
  • Баланы шабыттандыратын белгілі бір тақырыптағы кітаптарды жинаңыз (мысалы, динозаврлар немесе ғарышқа саяхат жайлы).
  • Балаларға ұзақ туындыдан гөрі қысқа әңгімелер оқыған дұрыс. Сонда бала оқып тауысқан кезде рахаттанатын болады, ұзақ шығармадан бала жалығып кетеді.
  • Бала фильм көрер алдында немесе кейін сол туралы кітап оқуға ұсыныс айтыңыз.
  • Баланың дауыстап оқуына да жағдай жасаңыз. Бұл балаға өз-өзіне сенімділігін дамытады.

«Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында»

  • Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды.
  • Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына көз жеткізіңіз.
  • Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның берілген, берілмегенін сұраңыз.
  • Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30минут уақытын қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.
  • Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз. Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.