«Білімім – Отаныма»
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «О.Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде мамыр бірлік пен ынтымақ айында
«Білімім – Отаныма» тақырыбында оқу жылын қорытындылауға арналған сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жыл бойғы жетістіктерін саралап, білімнің ел болашағындағы маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, жас ұрпақты отансүйгіштікке, білімге ұмтылуға және жауапкершілікке тәрбиелеу бағытында тағылымды әңгімелер айтылды.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
Ұйымдастырған: Аяулым Кулжанбекова