«Қауіпсіз терезелер»
⚠️ «Қауіпсіз терезелер» — балалар қауіпсіздігі үшін маңызды бастама
Ұлытау облысының білім басқармасы өңір тұрғындарының, әсіресе ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігі мәселесіне аударуға бағытталған «Қауіпсіз терезелер» ақпараттық-алдын алу науқанының жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты — тұрмыстық жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Жылы мезгілдің басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі арта түседі.
❗️ Құрметті ата-аналар!
Сіздерден қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:
* балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
* москиттік торларға сенбеңіз — олар құлаудан қорғамайды;
* терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құралдарын орнатыңыз;
* жиһазды терезеге жақын орналастырмаңыз;
* балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп отырыңыз.
???? Науқан аясында жазатайым жағдайлардың алдын алуға бағытталған бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз!