«Соңғы қоңырау»
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, «О.Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде мамыр бірлік пен ынтымақ айында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік іс-шара барысында түлектерге ақ жол тілеп, үздік оқушылар мен белсенді ата-аналар марапатталды. Оқушылар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, әсерлі әндер мен жүрекжарды тілектерін арнады.
«Соңғы қоңырау» – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше сәт. Барлық түлектерге сәттілік, жарқын болашақ және биік белестер тілейміз! Оқу жылы табысты аяқталып, жазғы демалыс көңілді әрі қауіпсіз өтсін!
Ұйымдастырған: А.Оразбек